02 мамыр 2015 16:05

Чернобыль АЭС маңында болған өрт бес күннен кейін ауыздықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Youtube.com Youtube.com

Чернобыль АЭС маңында болған өрт бірнеше күн өткеннен кейін барып ауыздықталды, - деп хабардайды РИА Новости. Чернобыль АЭС орналасқан тыйым салынған аймақта 20 шақырым радиоактивті орман өртенді.


Чернобыль АЭС маңында болған өрт бірнеше күн өткеннен кейін барып ауыздықталды, - деп хабардайды РИА Новости. Чернобыль АЭС орналасқан тыйым салынған аймақта 20 шақырым радиоактивті орман өртенді.

Құтқарушылардың мәліметінше, орман шаруашылығы қызметкерлері мен ведомствоның бөлімшелері өртке қауіпті аймақты бақылап отырған. Чернобыль АЭС маңындағы өрт болған жерде радиациялық фон орташа, яғни сағатына 21 микрорентген болды. Негізгі қауіпсіз норма сағатына 50 микрорентген.

Еске сала кетейік, 28 сәуірде болған орман өрті 400 гектар аумақты қамтыды. Өртті сөндіруге 300-ден астам адам мен 51 техника жұмылдырылды, оның ішінде ұшақтар мен тікұшақтар бар. Билік оқиғаның бақылауда екенін, өрттің "Қымталған" аймаққа қауіп төндірмейтінін мәлімдеді. Құтқарушылар өртті қоқыстарға бес шақырым қалғанда тоқтатып үлгергені белгілі болды.

Чернобыль АЭС - 1986 жылғы апаттың салдарынан тоқтатылған украиналық атом электростанциясы. Зілзаладан кейін апат болған жерге тастан биіктігі 4 метрлік энергоблок құю жұмыстары басталды. 2015-2016 жылдары жұмысты толық аяқтау жоспарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети