26 сәуір 2017 11:47

Дене шынықтыру пәні мұғалімі полицей әйел соққыға жығылған сәтте неге ажыратпағанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеоның кадры Видеоның кадры

Алматыда полицей әйел соққыға жығылған мектептің өкілдері оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда полицей әйел соққыға жығылған мектептің өкілдері оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мектептегілердің айтуынша, бұл оқиға 21 сәуірде сағат 16.30-да болған. №114 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Гүлнұр Болат осы оқиғаның куәгері болыпты. 

"Осы уақытта мен бастауыш сыныптың балаларымен жұмыс жүргізіп жатқанмын. Сосын инспектор хабарласып, мектептің артқы ауласына шығуымды сұрады. Барсам, ер адам мен инспектор жалжалдасып жатыр екен. Ер адам итімен тұмсық торсыз жүрген. Оның үстіне мектеп ауласындағы ағаштардың бұтақтарын кесіпті. Осыған байланысты мектеп инспекторы оған ескерту жасаған, кейін осы жанжал басталған. Бұл ер адам осы ауданның тұрғыны, бұған дейін біздің мектепте жұмыс істемеген", - деді ол.

Гүлнұр Болаттың айтуынша, полицей қызды ұрып-соққан адамды видеоға балалар емес, сонда жүрген ересек адамдар түсірген. Сөйтсек, төбелес кезінде футбол алаңында бесінші сынып оқушылары жаттығу өткізіп жатыпты. Айтуынша, ер адам құшақтап тұрған бала оның туысы емес. 

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мектепте 5 жылдан бері жұмыс істеп келеді екен. Педагог жоғары оқу орнында футболдан жаттықтырушы ретінде білім алған. 

"Оқиға кезінде жетінші сыныптың оқушылары тұрды. Олар қорқып қалып, ештеңе істей алмады. Күтпеген жағдай болды, не болғанын да білмей қалдық. Сол жақта тұрған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ер адамнан мұндай әрекет күтпегенін айтты. Кейін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ер адамды тоқтатып, алып кетті. Бұл видеоның соңында көрінеді. Біз 102-ге телефон соқтық. Бірақ ер адам полицейлер келмей жатып, үйіне кетіп қалды. Оны үйінде ұстапты. Жедел жәрдем шақырттық, сосын инспекторды ауруханаға алып кетті. Оның мұрны сынған сияқты", - деді Гүлнұр Болат. 

Сонымен қатар, зардап шеккен инспектордың №114 мектепте биылғы қаңтардан бастап жұмыс істейтіні белгілі болды. Мектеп директорының орынбасары оның жауапты жұмысшы екенін, ешқашан ескерту алмағанын және мектеп оқушыларымен әрдайым әңгіме жұмыстарын жүргізетінін айтты.

Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желілерде полицей қызды ұрып-соққан ер адамның видеосы пайда болған еді. Оқиға мектеп ауласында болған. Роликте қолында шынжыры бар ер адам бір жас жігітті ұстап тұрады. Оған полиция формасындағы әйел адам араша болуға тырысқан. Осы кезде ол "Исаның атымен тізерлеп тұр!" деп айғайлап, басымен және кейін аяқ-қолымен ауыр соққылар жасайды. Видеода көрінген басқа ер адамдар бұл әрекетті тоқтатуға асықпайды.

Ал ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев оқиғаның Алматыдағы Алатау ауданында орналасқан мектептердің бірінде болғанын айтқан еді. "Қазіргі уақытта А.Г.Кимге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Ол арнайы типтегі психиатрлық стационарда ем алған. Қазіргі уақытта инспектордың денсаулығына қауіп жоқ", - деп хабарлаған еді Сәдубаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети