Екі аяғынан айырылған алматылық қыз қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты

04 Шілде 2017, 15:16
0
Екі аяғынан айырылған алматылық қыз қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты - Екатерина Парафиева
Екатерина Парафиева

Алматыда болған жантүршігерлік жол апатының салдарынан екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жақындарым, достарым, әріптестерім және мейірімді адамдар! Жағдайым тұрақталды. Сіздерге үлкен рақмет айтқым келеді, жылы сөздеріңіз үшін, менімен бірге уайымдағандарыңыз үшін және маған және отбасыма көрсеткен материалдық көмектеріңіз үшін үлкен рақмет айтамын! Сіздердің қолдауларыңыз маған қаншалықты күш бергенін елестете алмайсыздар. Қиын сәтте қолдау керек болды. Айналамда осындай қиындықты жеңіп шығуға көмектесетін мейірімді адамдар бар кезде мен барлығын жеңемін деп сенемін. Осы үшін оларға бөлек алғыс айтқым келеді! Сіздердің барлықтарыңызбен жеке танысқым келеді, маған қол ұшын созған адамдармен танысып, оларға рақметімді айтқым келеді. Кейінірек осындай мүмкіндік туады деп сенемін. Тағы да рақмет!", - деп келтіреді Екатерина Парафиеваның сөзін Ольга Агапова есімді қолданушы Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 16 маусымда Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. Honda көлігі ашық люкке түсіп кетіп, дөңгелегі жарылған. Бұл көліктің салонында екі қыз болған. Олар көлікті жол шетіне қойған кезде шеткі сол жақ жолақпен Toyota Camry келе жатқан. Көліктің жүргізушісі бұзылып тұрған автомобильді көріп, тоқтауды ойлаған. Алайда орта жолақта келе жатқан автобус оны соғып, Toyota Camry тоқтап тұрған Honda көлігін соққан. Осы уақытта екі көліктің ортасында қалып қойған екі қыз қысылып қалған. Дәрігерлер қыздың аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай