31 шілде 2017 17:52

Жол апатында екі аяғынан айырылған алматылық қыз ауруханадан шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол апатында екі аяғынан айырылған алматылық Екатерина Парафиева ауруханадан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жол апатында екі аяғынан айырылған алматылық Екатерина Парафиева ауруханадан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Үйіне қуанып қайтып бара жатқан адам - ол мен! Әрине, ауруханадағы тыныштықтан шаршадым. Кеше дәрігерден ауруханадан шығуым мүмкін екені жайлы естігенімде қуанышымда шек болмады. Дәрігерлерге және аурухананың барлық қызметкеріне шексіз алғыс айтамын. Енді үйде боламын. (...) Достарым сіздерге рақмет, сіздердің қолдауларыңызға рақмет! Сіздер өте көпсіздер!", - деп жазды а Парафиева Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 16 маусымда Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. Honda көлігі ашық люкке түсіп кетіп, дөңгелегі жарылған. Бұл көліктің салонында екі қыз болған. Олар көлікті жол шетіне қойған кезде шеткі сол жақ жолақпен Toyota Camry келе жатқан. Көліктің жүргізушісі бұзылып тұрған автомобильді көріп, тоқтауды ойлаған. Алайда орта жолақта келе жатқан автобус оны соғып, Toyota Camry тоқтап тұрған Honda көлігін соққан. Осы уақытта екі көліктің ортасында қалып қойған екі қыз қысылып қалған. Дәрігерлер қыздың аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети