Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Екібастұзда ірі апат болды: оқиғаның видеосы жарияланды 18 мамыр 2023, 10:51

Екібастұздағы көшелердің бірінде апат болды, жылу трассасындағы жөндеу жұмыстары кезінде тығын ашылып кетіп, су жолға шықты, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Екібастұздағы көшелердің бірінде апат болды, жылу трассасындағы жөндеу жұмыстары кезінде тығын ашылып кетіп, су жолға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жолы бойындағы қайта жөндеуден өткен аумақты толығымен су басқан. Әлеуметтік желілерде коммуналдық апаттың видеосы тарап жатыр.

Екібастұз қаласының әкімдігі мәліметінше, 18 мамырда сағат 06.30-да Мәшһүр Жүсіп көшесі бойында диаметрі 820 миллиметр болатын ТМ-2 реконструкцияланған учаскесінің тығынында зақым анықталған.

"Қазіргі уақытта учаске ажыратылды, жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мердігер ұйымның "Екібастұзтеалоэнерго" ЖШС жөндеу персоналы жұмысқа тартылды, жұмыстарды аяқтаудың жоспарланған мерзімі сағат 14.00-ге дейін", - деп жауап берді Екібастұз әкімдігі өкілдері.

Павлодар облысының әкімдігі параллельді траншеялардан суды сору жұмыстары жүргізіліп жатқанын, одан кейін жөндеу жұмыстары жалғасатынын қосты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті