28 қыркүйек 2021 17:21

Екібастұзда түні бойы лифтте қамалып қалған тұрғындар құтқарылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда әйелі мен күйеуі лифтке қамалып қалып, сонда түнеуге мәжбүр болды. Олардың жанында баласы болған. Оқиға бүгін, 28 қыркүйекте Екібастұз қаласының Энергетиктер көшесі 116 үй 4-блоктағы үйлердің бірінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екібастұзда әйелі мен күйеуі лифтке қамалып қалып, сонда түнеуге мәжбүр болды. Олардың жанында баласы болған. Оқиға бүгін, 28 қыркүйекте Екібастұз қаласының Энергетиктер көшесі 116 үй 4-блоктағы үйлердің бірінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таңғы сағат үштер шамасында Оксана Ивахненко жұмысынан таксимен келіп, туыстарынан күтіп алуды сұраған. Оксана күйеуі мен 10 жастағы қызы үшеуі лифтке кіріп, 9-қабатқа көтерілу кезінде, лифт тұрып қалған.

"Лифтте жедел жәрдем мен слесарьдің телефон нөмірлері болды. Бірақ байланыс жоқ. Байланыс пайда болғанда қоңырауға ешкім жауап бермеді. 112 арнасы көмек беруден бас тартты, КСК да. Тек таңғы сағат 6-да көмекке полицейлер келді", - деді Оксана Ивахненко.

Әйелдің айтуынша, полиция барлық инстанцияға қоңырау шалған, бірақ олар бас тартқан. Сондықтан полицейлерге тұрғындарды өз күшімен шығаруға тура келген.

Екібастұз полиция бөлімінің патрульдік қызметінің рота командирі Азамат Күркебаев оқиға орнына келген полицейлер Рымбек Әділханов пен Әлішер Тілеуов 9-қабатта тоқтаған лифтте адамдар қалып қойғанын анықтағанын айтты. Тәртіп сақшылары қызметкерді күтпей-ақ, құралдар көмегімен тұрғындарды шығарып алған.

"Полицейлер лифт есіктерін майыстырып саңылау арқылы бізді шығарып алды. Бізге немқұрайлы қарамай, шығуға көмектескеніңіз үшін үлкен рахмет. Біз үйге таңғы сағат 6.30 шамасында жеттік. Бала мектепке бармады", - дейді Оксана.

Бұл ғимараттағы лифттерге қызмет көрсететін "Инженерлік орталық" ЖШС директоры Валерий Останин қоңырауды жіберіп алғанын түсіндірді, себебі оның телефоны сол түні істемей қалған.

"Телефоным істемей қалыпты. Таңертең тұрсам ол өшіп тұр. Былай тәулік бойы лифтке қызмет көрсетемін",- деді Валерий Останин.

Ер адам бұзылған лифт есіктері жөнделгенін және лифт қазір жұмыс істеп тұрғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети