13 сәуір 2017 19:26

Ернар Айдар жол апатына ұшырап, жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі әнші Ернар Айдар жол апатынан зардап шекті. Болған жайтты Tengrinews.kz тілшісіне әншінің директоры Жазира Еркін растады. 


Белгілі әнші Ернар Айдар жол апатынан зардап шекті. Болған жайтты Tengrinews.kz тілшісіне әншінің директоры Жазира Еркін растады. 

Оқиға 12 сәуірде Алматы-Шымкент тасжолында болған. Жазира Еркіннің айтуынша, Ернар Айдар ағасымен бірге үйлеріне қайтып бара жатқан. Ауа райы нашар болғандықтан Toyota Land Cruiser 200 жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдан шығып кеткен. 

Жүргізушінің жарақаты жеңіл. Ал Ернар Айдардың ағасының қабырғалары сынған. Әншінің өзі Алматының ауруханаларының бірінде жатыр. 

"Қазір оның жағдай ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Алдын ала диагноз - омыртқасы сынған. Кешеден бері осындамыз, ешкімді кіргізбей жатыр", - дейді әншінің директоры.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети