05 қыркүйек 2014 13:33

"Эйр Астана" ұшағында бір жолаушы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Самарадағы әуежай. ©fyodor-photo.livejournal.com Самарадағы әуежай. ©fyodor-photo.livejournal.com

Жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлап кеткендіктен "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағы Самара әуежайына қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды РИА Новости Приволжье көліктегі тергеу басқармасының өкіліне сілтеме жасап.


Жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлап кеткендіктен "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағы Самара әуежайына қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды РИА Новости Приволжье көліктегі тергеу басқармасының өкіліне сілтеме жасап.

Әуе көлігі жұма - 5 қыркүйек күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 02.00-де (Астана уақыты бойынша 04.00) "Курумоч" әуежайына қонған. Агенттіктің мәліметінше, "Эйр Астананың" KC 922 рейсімен Майндағы Франкфурттан Астанаға келе жатқан ұшақтың оқыс қонуына жолаушылардың бірі - Германия азаматының (Қазақстанның бұрынғы азаматы) жағдайының күрт нашарлап кетуі себеп. "Дәрігерлер бортқа көтерілген кезде 1948 жылы туған жолаушы қайтыс болған еді", - дейді тергеу басқармасының өкілі.

Тергеу басқармасының өкілі марқұмның Астанаға туыстарымен бірге келе жатқанын айтты. Қазіргі уақытта тексеру тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Мамандар өлімнің себебі анықтауға кірісті. "Эйр Астана" әуе компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті бұл ақпаратты растады, олар оқиғаның жай-жапсарын нақтылайтынын мәлімдеді.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети