21 қазан 2015 16:50

Фадееваны өлтірген қылмыскердің Өскемендегі шенеуніктің өліміне қатысы болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мария Фадеева. © Facebook Мария Фадеева. © Facebook

Фадееваны өлтірген қылмыскердің Өскемендегі шенеуніктің өліміне қатысы болуы мүмкін, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Фадееваны өлтірген қылмыскердің Өскемендегі шенеуніктің өліміне қатысы болуы мүмкін, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылым ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің құқық қорғау органдарының оқиғаның болжамын жасаған анықтамасын тапқан. Ол Семейде ұсталған жас жігіттердің берген түсініктеріне байланысты жасалыпты.

Онда қылмыстың былтыр желтоқсан айында облыс әкімінің істері басқармасы жетекшісінің орынбасары Ольга Алейникованың өліміне қатысы болуы мүмкін екендігі жазылған. Айта кетейік, 44 жастағы Алейникова 29 желтоқстанда жеке пәтерінде өлі күйінде табылған болатын.

Ұсталған 27 жастағы Болат Салимов (аты-жөні өзгертілген) бұрын тонау әрекеттері үшін сотты болған. Ол Алейникованы өлтіргенін мойындады. "Әйелдің де пәтеріне ол сантехник ретінде кірген. Қылмыскер оны қылғындырып өлтірген. Екі жүз мың теңге мен қаракүзен тонын алып кетті. Тергеушілерді шатыстыру үшін есікті сырттан жауып тастаған", - деп хабарлады басылым.

Еске сала кетейік, Өскеменде хоккейші Евгений Фадеевтің әйелін белгісіз біреулер өлтіріп кеткен болатын. Қаза тапқан Марияның ағасы Максим Беляевтің айтуынша, ол қарындасымен кездеспек болып, онымен оқиғадан бір сағат бұрын сөйлескен екен. Кейін 30 жастағы әйелдің денесін оның күйеуі тауып алады. "Мен онымен қайғылы оқиғадан бір сағат бұрын сөйлестім. Ол менің өтінішіммен үйінен шығуы керек еді, күйеуін күтіп отырған болатын. Оқиға сол кезде болса керек. Қазір бұл туралы айту қиын, сезімімді жеткізе алмаймын. Біз үшін орны толмас қайғы болды. Бес және екі жасар балалары қалды. Маша көңілді адам болатын, ешкімге жамандық тілемейтін", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети