Granta орнынан 206 км\сағ жылдамдықпен қозғалған. "Сергек" әзірлеушілері видеоны түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Желіде жылдамдықты асырғаны үшін полицейлер тоқтатқан семейлік жүргізушінің видеосы тарап жатыр. Полиция планшетіндегі деректерге сүйенсек, оның Lada Granta көлігі орнынан сағатына 206 шақырым жылдамдыққа қозғалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Желіде жылдамдықты асырғаны үшін полицейлер тоқтатқан семейлік жүргізушінің видеосы тарап жатыр. Полиция планшетіндегі деректерге сүйенсек, оның Lada Granta көлігі орнынан сағатына 206 шақырым жылдамдыққа қозғалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәл осы уақытта "Сергек" камералары түсірген суретте Lada Granta көлігінің алдында Land Cruiser Prado келе жатқан.

"Қалай мен бұлай маневр жасадым?" – деп жүргізуші аң-таң болады.

Абай облысының Полиция департаменті Tengrinews.kz сауалына жауап беріп, бұл жағдайдың техникалық ақауларға байланысты туындағанын, осыған байланысты "Сергек" әзірлеушілеріне шағым жіберілгенін айтты. Нәтижесінде Lada Granta жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған. Сондай-ақ, автокөлік жүргізушілерінің шағымдануға құқығы бар екені, ол үшін әкімшілік полиция бөліміне хабарласу керек екені ескертілді.

Сергек тобы өз кезегінде жолдың осы бөлігінде жабдық істен шыққанын хабарлады. Мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін мамандар тиісті жұмыстарды атқарып жатқаны айтылды.

"Lada Granta жүргізушісінен туындаған жағымсыз көңіл күй үшін кешірім сұраймыз. Камера істен шыққанына қарамастан, заңбұзушылық картасы тіркелмеді және Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі орталығына жіберілмеді. Тиісінше, жүргізуші айыппұл алмайды. Жүйе тек нұсқау бойынша әрекет ететін полиция қызметкерлеріне хабарлама жіберген", - деді компанияның баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer