20 мамыр 2022 09:46

Hotel Plaza Almaty қонақүйіндегі түнгі өрт: 57 адам құтқарылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық өртсөндірушілер Hotel Plaza Almaty қонақүйінен 57 адамды құтқарды. Өрт төменгі қабатта орналасқан саунадан шыққаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматылық өртсөндірушілер Hotel Plaza Almaty қонақүйінен 57 адамды құтқарды. Өрт төменгі қабатта орналасқан саунадан шыққаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына 19 мамырда сағат 22:21-де ТЖД бастығы Руслан Қасыбаев бастаған өртсөндірушілер барған.

"Келген соң бірінші өрт сөндіру бөлімшесі 22:26-де өрт төменгі қабаттағы саунадан шыққанын анықтады. Барлық қабатқа түтін тараған, бұл оқшауланған бөлмелердегі адамдардың өміріне қауіп төндірді.

Қонақтар қонақүй терезелерін көмек сұрады. Оқиға орнында жедел штаб жұмысы жүргізілді, екі жауынгерлік учаске құрылды", - деді ТЖД қызметкері.

Құтқару жұмыстарына газ-түтіннен қорғау қызметінің 12 қызметкері, 3 өрт сөндіру автосатысы, 4 үш иінді жылжымалы баспалдақ жұмылдырылған. Эвакуацияға жанғыш өнімдердің концентрациясын төмендету үшін құтқарушылар АД-120 түтінді жою көлігін қолданған.

"Қабылданған жедел шаралар арқылы 57 адам құтқарылды. Қайтыс болғандар жоқ. Өрт шыққан сәттен кейін, яни 59 минуттан соң 23:25-те ауыздықталып, 23:44-те сөндірілді. Өрт сөндіруге жеке құрамнан 42 адам және 14 техника жұмылдырылды", - деп атап өтті ТЖД қызметкері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALMATY KRIS P|21+?? (@almaty_kris_p)

Еске салайық, бұған дейін Қожамқұлов пен Қарасай батыр көшелері қиылысында орналасқан Plaza Hotel Almaty қонақүйінде өрт шыққаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети