05 қазан 2015 17:50

Интернетте джип пен қызметтік көлік ұшыраған жол апатының видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube видеосынан алынған кадрлар YouTube видеосынан алынған кадрлар

Семейде джип жан түршігерлік жол апатын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол апатының видеосы Интернетте пайда болды, Toyota Prado автокөлігінің жүргізушісі Семейдің орталығындағы көшелердің бірінде жол-көлік оқиғасына тап болды.

Автокөлік УАЗ 3909 темір тұлпарымен бетпе-бет соғылды, ол Семей ТЖБ-ға тиесілі. Джип соқтығыстан кейін оңға қарай жүріп, жолдың қарсы бағытына шықты, сөйтіп Mercedes-ке, сонымен қатар, қоршауға соғылды. Жол апаты 3 қазанда сағат 18.00-де болған.

YouTube видеосынан алынған кадрлар

Полициядағылардың айтуынша, 1963 жылы туылған жүргізуші бірден ұсталды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адамның жол апаты кезінде мас болғаны анықталып отыр, сонымен қатар, оның көлік басқару құқығы болмаған.

"Жүргізуші бастапқыда аты-жөнін жасырды. Кейін оның осыдан бір жыл бұрын көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети