02 ақпан 2019 14:01

Жамбыл облысында болған ірі жол апатының видеосы шықты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жамбыл облысындағы тас жолда болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жамбыл облысындағы тас жолда болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда жыраға түскен, кейбірі едәуір зақымданған бірнеше көлік көрінеді. Видео авторы мұнда 200-ге жуық көлік барын, ал апатқа түскендері қозғалысты бәсеңдетіп тұрғанын айтады. Сондай-ақ, ол жүргізушілер сапарын жалғастыру үшін көліктерді жол жиегіне итергендерін және қалың тұман мен ауа райының қолайсыздығы көлік айдауға кедергі келтіріп тұрғанын баяндады.

Назар аударыңыздар! Видеода былапыт сөздер бар!

Облыстық полиция департаменті өкілдері оқиға 1 ақпанда кешкі сағат 17:10 шамасында Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолында болғанын растады.

"Жолдың 552-ші шақырымында қалың тұман салдарынан жеті автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Жуалы аудандық орталық ауруханасына бір адам, Тараз қаласындағы №1 қалалық ауруханаға екі адам жеткізілді. Қаза тапқандар жоқ. Тіркелген факті бойынша жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерге қатысты хаттама толтырылды. Барлық жеті автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Сараптама тағайындалып, оқиғаның себептері анықталып жатыр",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети