08 қаңтар 2024 13:04

Жамбыл облысында жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Жамбыл облысында әскерилер мен тұрғындар арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысында әскерилер мен тұрғындар арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде әскерилер мен тұрғындар арасындағы төбелес көрсетілген видео пайда болды. Оқиға Отар ауылында болған.

Қорғаныс министрлігі оқиғаны растады.

"1 қаңтарда Жамбыл облысы ПД Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бір топ адам жасаған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, салдарынан екі азамат дене жарақатын алған. Қылмыстық істі тергеу барысында оқиғаға Гвардиялық гарнизонның келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің қатысы бары анықталды", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128 және 131-баптарына сәйкес алты адам ұсталған, оның ішінде екі әскери қызметкер қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында отыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети