31 шілде 2018 12:06

Жамбыл облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © kn.ks.ua Иллюстрация © kn.ks.ua

Жамбыл облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық компаниядағылардың айтуынша, оқиға 31 шілдеде сағат 08.05-те болған, жүк пойызы Мойынты - Шығанақ Қашқантеңіз - Жастар аралығындағы аумақта жүріп бара жатыпты. Сол кезде жүк вагондары жолдан шығып кеткен.

Жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне байланысты жолаушылардың бес пойызы уақытынан кешіктірілді. 

Астана - Сарыағаш жолаушылар пойызы өз бағыты бойынша жүре алмай тұр. Жолсеріктердің мәліметтері бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуінің салдарын жою үшін шамамен бес сағат күту керек.

"Алдын ала мәлімет бойынша, вагондардың рельстен шығып кетуіне 28-вагон қапталындағы раманың сынауы себеп болған, иесі - "ИСТКОМТРАНС" ЖШС. Шу және Сарышаған станцияларының қалпына келтіру пойыздары іске кірісті. Бес жолаушылар пойызы кешіктірілді. Жолды ашу уақыты шамамен 18.00. Зардап шеккендер жоқ", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Компания өкілдерінің айтуынша, апаттан келген шығынды жүк вагондарының иесі өтейді. "Ұлттық компанияда бұл оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды", - деді баспасөз қызметінің мамандары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети