23 сәуір 2015 10:30

Жамбыл облысындағы жол апатынан қаза болғандардың біреуінің кім екені анықталмай жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орнынан Оқиға орнынан

Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғасынан қайтыс болған 17 адамның біреуінің кім екені анықталмай жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ТЖМ өкілдерінің болжамы бойынша, ол да Қырғызстан азаматы болуы мүмкін.


Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғасынан қайтыс болған 17 адамның біреуінің кім екені анықталмай жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ТЖМ өкілдерінің болжамы бойынша, ол да Қырғызстан азаматы болуы мүмкін.

Қырғызстан ТЖМ хабарлауынша, қайтыс болғандардың он төртінің денесі арнайы көлікпен өз отандарына жіберілді. Үш жәбірленуші әлі де Балқаш пен Приозерский ауруханасында жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, емделушілердің жағдайы тұрақты болғанмен, өте ауыр. Ауруханада оларға қажетті барлық жағдай жасалып жатыр. Оларды Балқаш ауруханасынан ауыстыру туралы әзірше сөз болған жоқ. Айта кетейік, Қырғызстан президенті бұйрығымен мемлекеттегі арнайы қордан қаза тапқандардың отбасына көмек ретінде 30 мың доллар қаражат бөлінген. Сонымен қатар, Қырғызстан парламенті депутаттары да қаза болғандардың отбасына бір күндік жалақысын бөліп отыр. Қырғызстан парламенті спикерлер қорынан да ақша бөліну мәселесі шешіліп жатыр.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысындағы Алматы-Екатеринбург автожолында жол-көлік оқиғасы болды. Жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысып, автобустың жолаушыларының көбі қаза тапты. Оқиғаны полиция қызметкерлері тергеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети