Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғасында зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды

21 Сәуір 2015, 13:20
0
@Mes.kg
@Mes.kg

Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғасында зардап шеккен тағы бір жолаушы Қарағанды облысындағы Балқаш ауруханасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аурухана дәрігері Татьяна Мұстафинаға сілтеме жасап.

"31 жастағы науқас 20 сәуірде кешкі сағат 21.50-де көз жұмды. 10 қабырғасы сынған, оның жағдайы өте ауыр болды. Біз оның сүйегіне жарық түсті ме деп те ойладық. Қайтыс болған науқастың денесін сот-медициналық сараптамасына жібердік", - деді Мұстафина. Оның айтуынша, екінші науқас та ауыр жараланған. "Оның оң жақ бүйрегі мен көкбауыры алып тасталды. Сонымен қатар, миы да зақымданған, бірақ жағдайы дұрысталады деп үміттенеміз. Екеуі де Қырғызстан азаматы", - деді ол. Айта кетейік, Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғасынан қаза болғандардың саны осымен 17-ге жетті.

Тағы екі зардап шегуші Приозерский аудандық ауруханасында жатыр. Аурухананың бас дәрігері Нұрлан Шәгіровтің айтуынша, оладың жағдайы тұрақталып келеді.

Еске сала кетейік, ауыр жол-көлік оқиғасы Алматы-Екатеринбург тас жолында болған еді. Жол апатында "Газель-2705" (мемлекеттік номері В147 FРО, иесі К.А.Аданов, 1976 жылы дүниеге келген, Алматы облысының тұрғыны - mes.kg ескертуі) жүк көлігі мен Mercedes-Benz Sprinter (көлік иесі мен мемлекеттік номері анықталып жатыр - mes.kg ескертуі) микроавтобусы соғысты. Микроавтобуста 18 жолаушы болды, болжам бойынша, олардың барлығы Қырғызстан азаматы. Бішкектен Солтүстік Қазақстан облысына кетіп бара жатқан.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай