1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Жамбыл облысындағы көлік апатына автобус жүргізушісі кінәлі 03 наурыз 2014, 17:20

VanHool маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, шағын автобусты соққан.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz
Жамбыл облысында болған жол-көлік оқиғасына VanHool автобусының жүргізушісі кінәлі, бұл туралы Tengrinews.kz облыстық ішкі істер департаменті мамандарына сілтеме жасап хабарлайды. "2014 жылдың 2 наурызында шамамен сағат 21.12-те Алматы - Ташкент автожолының 175-шақырымында Оңтүстік Қазақстан облысының VanHool маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі Алматыдан Шымкентке қарай келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетеді де, Бішкектен Алматыға қарай келе жатқан Mercedes Benz шағын автобусымен соқтығысқан", - делінген облыстық департаменттің хабарламасында. Оқиға орнында тоғыз адам қайтыс болды, оның біреуі - шағын автобустың жүргізушісі. Қайтыс болғандардың бәрі - Қырғызстан азаматтары. Көлік апатынан тағы 11 адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Апат салдарын жоюға жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамының алты маманы мен бір техникасы және Трассалық дәрігерлік-құтқару тұрағының үш қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды. Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті мамандарының хабарлауынша, алдын ала мәліметке қарағанда, сол күні сағат 20.00-ке дейін тас жол құрғақ әрі қанағаттанарлық жағдайда болған. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.


Join Telegram