Жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпараттың салдарынан Алматы метросы 40 минутқа тоқтап қалды

03 Маусым 2015, 12:38
0
Жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпараттың салдарынан Алматы метросы 40 минутқа тоқтап қалды - © Николай Колесников
© Николай Колесников

Алматы метросының "Райымбек батыр" станциясына жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпараттың салдарынан, 2 маусым күні кешке метрополитен жұмысы 40 минутқа тоқтап қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Метрополитен" МКК баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

"Метро пойыздарының қозғалысы тоқтатылды, жолаушылар мен қызметкерлердің барлығы жедел түрде эвакуацияланып, барлық станция қоршалды. Тиісті қызмет өкілдері станцияда жарылғыш затты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тексеру аяқталып, жарылғыш зат жоқ деген ақпарат расталғаннан кейін, сағат 20.20-да пойыздардың қозғалысы қалыпқа келтіріліп, жолаушылар үшін станциялар ашылды. "Райымбек батыр" станциясына жарылғыш заттың қойылғаны туралы ақпарат расталмады және жалған болып шықты. Алматы метросы штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деді "Метрополитен" мамандары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы метросының "Райымбек батыр" станциясында адамдардың эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Алматыда жарылғыш зат қойылды делінген хабарламадан кейін Фурманов көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында орналасқан станциядағы адамдар қауіпсіз аймаққа шығарылды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері, сонымен қатар өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем қызметкерлері келді. Метрополитеннің басқа да станциялары қоршауға алынды.

Кейін Алматы метросының станциясын "жарып жібермек" болған адамның ұсталғаны мәлім болды. Күдікті - қаланың 17 жастағы тұрғыны. Ол бұл қылмысты бұзақылық ниетте жасаған. "Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай реестрге Алматының Жетісу аудандық ішкі істер басқармасында ҚР ҚК 273-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүріп жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай