Жарылыста босанған келіншек қаладан қалай 40 шақырым жерге жаяу қашқанын айтып берді

27 Маусым, 09:52
0
Жарылыста босанған келіншек қаладан қалай 40 шақырым жерге жаяу қашқанын айтып берді -

Арыстағы жарылыстардан соң 22 жастағы аяғы ауыр келіншек 40 шақырым жерге жаяу қашқан, - деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы

Телеарнаның ақпараты бойынша, 24 маусымда толғағы қысқан Кенжегүл Бекасыл енесімен бірге Арыстағы перзентханаға келген. Дәл сол уақытта қалада жарылыстар бола бастаған. 

"Шыққанымыз сол еді, жер сілкінісі басталды. Сыртта ешқандай көлік жоқ. Жан сақтан бөлімінде жаңа босанған келіншектерді алып шығып жатты. Әскери адамдар сыртқа қарай қашыңдар деп айтты. Анам мен акушер үшеуіміз адамдар кетіп бара жатқан жерге қарай жүріп кеттік", - дейді Кенжегүл Бекасыл. 

Осылайша, олар қаладан 40 шақырым жерде орналасқан ауылға дейін жаяу қашып барған. Сол маңда аяғы ауыр келіншекке көлікпен өтіп бара жатқан білім және ғылым министрлігінің мамандары кезіккен.

"Жан-жақ түтін, өрт, біз жолды білмедік. Адасып Ақтас деген жерге келдік. Сол ауылдағы үй иесі Гүлмираға шексіз алғысымды білдерімін. Үйіне кіргізіп, көмектесті. Акушеріме, Балбөпеге рақметімді айтамын. Сол екі кісі мені босандырып алды", - дейді жас ана. 

Жолда аяғы ауыр келіншекке қол ұшын созғандардың бірі - ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Балбөпе Өтенова Кенжегүл Бекасылдың ұзақ уақыт босана алмағанын айтады. 

"Баланың салмағы үлкен екен. Көпке дейін босана алмай қалды. Сондай-ақ кіндігі мойнына оралған екен. Барған бойда біз үйге жақын маңда аурухана болса, жедел жәрдем шақырыңыздар дедік. Оған дейін өзіміз көмектестік, сосын сағат 12:58- де қыз бала дүниеге келді", - дейді Балбөпе Өтенова. 

Қазір Кенжегүлдің де, қызының да жағдайы бір қалыпты. 4 келі 200 грам болып туған нәрестеге Кәмиллә деген есім берген. Жас ананың айтуынша, қызының өмірге аман-есен келуіне мұрындық болған көлік жүргізушісінің анасының есімін әдейі ырымдап қойыпты. 

Еске салайық, 24 маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарыла бастады. Қалада 45 мың адам тұрады, оның бәрі эвакуацияланған. Қайғылы оқиғадан қала тұрғыны ауыр жарақат алып, қаза тапқан, оның көлігіне снаряд түскен. 25 маусымда бір әскери қаза тапқан, оның денесі қоймалар маңынан табылған. 26 маусымда тағы бір әскеридің қаза тапқаны анықталды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай