Алматының Түрксіб ауданында жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан із жасырды делінген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматының Түрксіб ауданында жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан із жасырды делінген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға биыл 8 қыркүйекте сағат шамамен 20.20-да болған.
© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Toyota Camry тізгінінде болған анықталмаған жүргізуші Сүйінбай даңғылымен оңтүстікке қарай жүріп бара жатып, рұқсат етілмеген жерде жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі
"Зардап шеккен адамға көмек көрсетудің орнына шетелдік көліктің жүргізушісі оқиға орнынан жасырынған. Көлік қаққан адам қайтыс болды. Бірнеше минут өткенде адам қаққан көлік пен оның жүргізушісі анықталды. Жол-көлік оқиғасынан бүлінген көлік құралы Жигулевская көшесіндегі жеке сектордан табылған. Ал жүргізуші саналы түрде тергеу органдарынан жасырынған. Таяуда ол ұсталып, жауап алынды. 1985 жылғы ер адам Алатау ауданының тұрғыны. Қазіргі уақытта Анықтау басқармасының жол-көлік оқиғаларын тергеу жөніндегі бөлімі осы дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр, оның аясында сарапшылық зерттеулер жүргізіледі. Бұлтартпау шарасын таңдау бойынша шара жүргізіліп жатыр", - деді Алматы қалалық ІІД-нің жергілікті полиция қызметінің іздеу бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков.
© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі
Еске салайық, осыған дейін куәгерлер жаяу жүргіншінің мас адам секілді теңселіп жүргенін хабарлаған болатын.
© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі