02 ақпан 2024 10:22

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаев видео-үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ instagram/vmaikuduke ©️ instagram/vmaikuduke

Әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққаны үшін ұсталған Нұрболат Дәкебаевтың кешірім сұраған видеосы тарап жатыр. Алғашқы видеоны жәбірленушінің досына тиесілі @vmaikuduke паблигі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққаны үшін ұсталған Нұрболат Дәкебаевтың кешірім сұраған видеосы тарап жатыр. Алғашқы видеоны жәбірленушінің досына тиесілі @vmaikuduke паблигі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода күдікті барша қазақстандық пен медицина қызметкерлерінен кешірім сұрайды. Ол өзінің жасаған әрекеті өзіне кері әсерін тигізіп жатқанын айтады.

"Барша қазақстандықтар, 2024 жылы 1 ақпанда өзім барып берілмекшімін. Мына істеп қойған қиянатым, күн бермей жатыр өзіме. Анамды, бәрін уайымдатып жатырмын. Ақ халаттылардан кешірім сұраймын. Менің зиян тигізу ойым болған жоқ. Менен жәбір көрген бауырымнан кешірім сұраймын, барша мұсылман бауырлар, Алла разылығы үшін мені кешіріп қойыңыздар", - дейді Дәкебаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Майқұдық | Майкудук (@vmaikuduke)

Бейнежазбаға қарағанда, ол ұсталмас бұрын түсірілген. Видеоны ұсталған ер адамның туыстары әлеуметтік желіде таратып жатыр. Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі Дәкебаевтың полицияға өз еркімен берілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Айта кетейік, жарақат алған жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Төреғали Берікқалиұлы әлі де медициналық мекемеде жатыр. Айтуынша, мұрнына екінші ота жасатады. Ол түсініктеме беруден бас тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети