25 қараша 2022 16:05

Желіде Абай облысындағы жантүршігерлік жол апатының видеосы пайда болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды. Куәгерлер оқиғаның видеосын әлеуметтік желілерде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Абай облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды. Куәгерлер оқиғаның видеосын әлеуметтік желілерде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Павлодарға қарай 140-шақырымда. Дәл қазір. Сұмдық, жеңіл көлік КамАЗ астына кіріп кеткен", - деп жазылған жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Оса Семей (@oo_osa_semey_vko)

Оқиға куәгерлері КамАЗ бұзылып, ешқандай ескерту белгілерінсіз, рұқсат етілмеген жерге тоқтағанын, жүк көлігінің жүргізушісі орнында болмағанын жазып жатыр. Жеңіл көліктің жүргізушісі тірі қалған.

Кейін тасжолдағы апатқа қатысты Абай облыстық ПД өкілдері пікір білдірді. Полицейлер жеңіл көлік жүргізушісі тірі қалғанын және жарақатпен ауруханаға жатқызылғанын растады.

Абай облысының ПД

"Абай облысының Полиция департаменті 2022 жылдың 24 қарашасында таңғы сағат 7 шамасында Астана қаласының тұрғыны Kia маркалы автокөлігімен Семейге келе жатқанын, Омбы-Майқапшағай тасжолының 702-шақырымында КамАЗ көлігімен соқтығысқанын хабарлайды. Оқиға салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды", - деді облыстық ПД өкілдері.

Дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети