1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Желіде автобустың артына мініп алған ер адамның видеосы тарады28 қыркүйек 2020, 13:27

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде автобустың артына мініп алған ер адамның видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісінде екі видео тарады.

"Қараңыздаршы, бір жігіт автобусқа жабысып алған. Бізге қол бұлғап жатыр, - дейді видео авторы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz ?? (@kris_p_almaty)

Алматы полициясы мұндай әрекеттің қауіпті екенін және ер адамды жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін хабарлады.

"Автобустың артындағы жолаушының әрекеті, бұл, әрине, өрескел ережебұзушылық. Бұл өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп. Және жолдағы басқа адамдарға қауіп төндіреді. Мұндай жағдайларға жол берілмейді және ол жауапкершілікке тартылады", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!