10 ақпан 2016 09:58

Жезқазғанда көрпе астында тұншығып өлген нәресте үшемнің бірі болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда көрпе астында нәрестенің тұншығып өлуінің мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қарағанды облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.


Жезқазғанда көрпе астында нәрестенің тұншығып өлуінің мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қарағанды облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.

Қайтыс болған нәрестенің үшемнің бірі болғаны анықталды. Анасының айтуынша, 7 ақпанда ол балаларды төсекке жатқызып, үй шаруасымен айналысқан. Анасы балаларын тексеру үшін бөлмеге жиі кіріп тұрғанын айтады. Қайтыс болған қыздың көрпе астына тығылып ойнайтын әдеті болған екен. Балаларын тексеріп келген анасы қызының тұншығып жатқанын көреді. Осыдан кейін ол қызына массаж жасай бастаған. Дегенмен нәресте терең бір дем алып, кейін мүлде тыныс ала алмай қалады. Анасы дереу жедел жәрдем шақырған, дегенмен оқиға болған жерге келген дәрігерлер нәрестенің қайтыс болғанын анықтады.

"Бұл отбасының тұрмыстық жағдайы қанағаттандырарлық, нәрестенің ата-анасы бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмаған. Бұл дерек Сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігі ("Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау") бойынша тіркеуге алынды", - деді облыстық пррокуратура өкілдері. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети