18 сәуір 2015 08:30

"Жезөкшелер мекені" деп аталған театрдың актрисаларына ажырасу қаупі төніп тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©КТК кадры ©КТК кадры

Маңғыстаулық актрисаның мәлімдемесі оның әріптестерінің отбасындағы жанжалға түрткі болды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. Енді олар өнер ошағын "жезөкшелер мекені" деп атаған Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық драма театрының бұрынғы әртісі Дина Ахметжанды сотқа бермек. Оның айтуынша, театр директоры басты рольдерді және пәтерді онымен төсектес болған актрисаларға ғана береді. Оның бұл сөзінен кейін театр ұжымы отбасынан береке қашқанын, енді Дина Ахметжаннан ел алдына шығып, кешірім сұрауын талап етпекші.

Актриса Эльмира Керімбаева бұрынғы әріптесі Дина Ахметжанның телефон соғып, жанжал шығарғанын айтады. "Маған ашықтан ашық телефон соғып "Сен пәтерді төсек арқылы алған екенсің ғой. Бәсе, адам басқаша қалай пәтер алуға болады" дейді. Осындай сұрақтар келеді. Ал мен әлі тұрмысқа шыққан жоқпын", - деді актриса.

Телеарна тілшілерінің айтуынша, тағы бір актриса Анар Бисенбина - 5 баланың анасы. Үлкені 15-тен асқан. Көпбалалы ана бұрынғы әріптесінің айыптауынан кейін балаларының бетіне қараудан қалыпты. "Сонда мен сахнада жезөкше болып қызмет атқарамын ба? Ел не дейді, жұрт не дейді? Біз сонда 12 жыл осындай іспен айналысыппыз ба? 12 жыл бойы неге ұстап бермедің бізді?", - деді ол. Театрдағы ер адамдар да намысының тапталғанын айтады. Себебі, олардың айтуынша, олардың арасында бір сахнада бірге өнер көрсетіп жүргендер көп.

Актер Медғат Өмірәлиевтің айтуынша, көрермендердің сөзін мысалған келтірді. "Өткенде бір әңгіме естідік, біреу айтады дейді: қой бүгін қандай спектакль болады екен, жезөкшелерді көріп қайтайық, деп айтады дейді көрермен. Сонда бұл қалай болғаны?!", - дейді актер.

Ал Дина Ахметжан айтқанынан қайтпай, мәдени орынды "жезөкшелер мекені" деген сөзін қайтарып алғысы келмейді екен. Ол директорға "ашына болмағаным үшін жұмыстан қуып, қызметтік пәтерімді тартып алды" деп әлі өкпелі. "Мен айтқан сөздерімнен бас тартпаймын. Айтқан сөздерімнің барлығы рас. Театрда рөлдерді сүйікті актрисаларына беретінін растаймын", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети