Алматыда бизнесмен Евгений Молибогинді өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
Алматыда бизнесмен Евгений Молибогинді өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
"Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлері және Алматы қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 2017 жылдың 27 сәуірінен бастап із-түссіз жоғалды деп саналған 1974 жылғы азамат Евгений Молибогинді өлтірді деген күдіктіні анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады", - деп хабарлады Салтанат Әзірбек.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта соталды тергеу барысында кісі өлтірудің себебі, мотивтері және басқа да жағдайлары анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ал осыған дейін Instagram желісінде бизнесмен Евгений Молибогиннің жоғалғаны туралы хабар тараған болатын.
"Молибогин Евгений Иванович (26.07.1974 ж.т.) 2017 жылдың 27 сәуірінде 19:00-де іскерлік кездесуге кетіп, сол бетте оралмады. Қара жейде, сүр шалбар және қара туфли киген. Кездесуге Land Cruiser Prado көлігімен кеткен", - делінген еді бағыттама мәтінінде.