13 қазан 2021 15:25

"Жұмысқа кеткен". 20 жастағы теміртаулықты туыстары бірнеше күннен бері іздеп жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет instagram.com/skandal_krg Сурет instagram.com/skandal_krg

Теміртаулық 20 жастағы Орхан Тәжібаевты туыстары төртінші күн қатарынан іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теміртаулық 20 жастағы Орхан Тәжібаевты туыстары төртінші күн қатарынан іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғалған жігіттің әкесі 10 қазанда баласының Теміртаудан Қарағандыға жұмысқа кетуі керек болғанын айтты.

"Ол Қарағандыда сауда орталығында сатушы-кеңесші болып жұмыс істейді. Спорттық киімдер сатады. Ұлымды есікке дейін шығарып салдым. Ол үйден сағат 10.00-де шығып кетті, анасына жұмысқа барғанын айтып, қоңырау шалу керек еді. Бірақ хабарласпады. Біз алаңдай бастадық. Сағат 11.00-де телефоны өшті, біз телефонының қуаты таусылған шығар деп ойладық. 12.00-де, 13.00-де қоңырау шалдық. Телефоны өшіп тұрды. 15.00-де әйелім оның жұмысына барды, ол жерде болмады", - деді әкесі.

Сол күні кешке ата-анасы ұлының жоғалғаны туралы полицияға жүгінді.

"Олар іздей бастады. Сағат 22.00-де учаскелік инспекторға хабарласып, Теміртауда арыз жаздық. Іздеп жатырмыз, Қарағанды еріктілері іздеп жатыр. Ол сайт арқылы қарыз алған екен. Бізге айтуға қорқып, үйден кетті деп ойлаймыз. Үйде бәрі жақсы болды, ол еркін жігіт. Оқиды, жұмыс істейді, темекі шекпейді, ішпейді. Оның қарызы - 38 мың және 58 мың теңге. Әйелім төледі", - деді әкесі.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалу дерегі бойынша арыз тіркелгенін хабарлады.

"Қарағанды облысы Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы іске кіріскен. Қазір хабар-ошарсыз жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр", - деп хабарлады департаментте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети