29 шілде 2022 23:55

"Жүрегімді бөліп алғандай". Оралдағы футбол алаңында 11 жастағы бала қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: mgorod.kz Фото: mgorod.kz

Оралда футбол алаңындағы қақпа 11 жастағы баланы басып қалды. Жасөспірім қаза болды. Қайғылы оқиғаның жай-жапсарын "Мой город" порталы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда футбол алаңындағы қақпа 11 жастағы баланы басып қалды. Жасөспірім қаза болды. Қайғылы оқиғаның жай-жапсарын "Мой город" порталы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 27 шілдеде кешке қаладағы спорт алаңдарының бірінде болған. Бала сол маңдағы көпқабатты үйлердің бірінде тұрады.

Баланың әжесінің айтуынша, сол күні немересі достарымен бірге футбол алаңына сұранған. Арада он бес минут өткенде пәтердің домофоны шырылдайды. Ойын алаңындағы балалар әжейге қайғылы оқиға туралы хабарлаған.

"Бәріміз жүгіріп шықтық, қан көл болып жатты. Біз жедел жәрдемді үмітпен күттік. Дәрігерлер келгенде немерем ес-түссіз жатқан болатын. Алғашқы жәрдем көрсетілді. Ал ауруханада ол қайтыс болғанын айтты", - деп еске алады әжесі.

Әйелдің айтуынша, футбол қақпасы бекітілмеген және металл тірекке дәнекерленген. 28 шілдеде шенеуніктер келіп, отбасынан кешірім сұраған. Мамандар алаңдағы екінші қақпаны дәнекерлеп, баланың үстіне құлаған қақпаны алып кеткен.

"Жаныма батып тұр! Ол менің бірінші немерем. Бала 11 жаста, ол енді ғана ер жетіп келе жатқан. Мықты, дені сау бала. Жүрегімді бөліп алғандай. Әлі ес жимай отырмыз. Көпшіл, мейірімді бала еді. Қазір көз алдымда тұр. Бұл шығынның орнын кім толтырады? Қаладағы осындай алаңдарды қарағандарын қалаймын, неге бұлай болады?" – дейді әже.

Баланың ағасы оқиғаның жай-жапсарын қинала есіне алады. Ол жедел жәрдем баланы алып кеткеннен кейін оқиға орнына жеткен. Ер адам дереу ауруханаға барып, жарты сағаттан кейін жиені қайтыс болғаны туралы хабар алған.

"Неге бәрі осылай? Қайғылы жағдай болмайынша, ешкім қозғалмайды. Неге қайтыс болғаннан кейін қақпаны дәнекерленген? Бұл жерде күнде кешке балалар алаңы толып тұрады. Неге камералар жұмыс істемейді? Балалардың қауіпсіздігіне кім жауапты. Жергілікті тұрғындар былтыр дәл осы жерде дәл осындай оқиға болғанын, қақпа баланың арқасына құлағанын айтады. Бұл ойын емес", - деді ер адам.

Қазір бала қаза болған жеріге гүлдер мен жұмсақ ойыншықтар әкелініп жатыр. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бала ауыр жарақат алғанын хабарлады.

"Бала ашық ми жарақатын алған. Ол сағат 22.10-да қалалық көп бейінді ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр деп бағаланды. Дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, ол алған жарақатынан жарты сағатта қайтыс болды", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі дерек оқыс оқиға ретінде тіркелгенін атап өтті. Баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети