01 сәуір 2022 16:14

"Жүргізуші ұйықтап кеткен". Түркістан облысында жүк көлігі кранға соғылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Түркістан облысында жүк көлігінің жүргізушісі рөлде ұйықтап кетіп, жүк көтергіш кранға соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Түркістан облысында жүк көлігінің жүргізушісі рөлде ұйықтап кетіп, жүк көтергіш кранға соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 1 сәуірде Түркістан облысы Сауран ауданы аумағында Шымкент-Самара тасжолының 135-шақырымында болған. Полиция мәліметінше, бір бағытта келе жатқан Renault Magnum краны мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан.

"25 тонналық Renault Magnum ауыр жүк көлігінің соңынан келе жатқан Volvo жүргізушісі рөлде ұйықтап кетіп, жүк көтергіш кранға соғылды. Салдарынан тіркемеде тұрған автокран аударылған. Осы маңда патрульдік қызметте жүрген Түркістан облысы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, жүргізушілерге көмектесті. Ресейлік нөмірлі Volvo жүк көлігі тізгінінде Ресей азаматы болған. Екі жүргізуші де зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.

Бүгінде бұл факті бойынша Сауран аудандық полиция бөлімі тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Аударылған көлік жол жиегіне шығарылып, көлік қозғалысына жол ашылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети