10 маусым 2024 15:43

Қарағанды ​​маңында үш көлік жантүршігерлік жол апатына түсті: бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан бір тәулік өткен соң, ауыр жарақат алған ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан бір тәулік өткен соң, ауыр жарақат алған ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды ​​облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам ауыр жарақатпен, есеңгіреген күйде түскен. Дәрігерлер қанша тырысқанымен науқасты аман алып қалу мүмкін болмады.

"Ауруханаға жатқызылған тағы бір адам әлі де медициналық мекемеде тұрақты ауыр жағдайда жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Сондай-ақ, Қызылорда - Павлодар тасжолының апат болған бөлігінде жол белгілері пайда болғаны белгілі болды. "ҚазАвтоЖол" облыстық филиалы жұмыс жоспар бойынша басталғанын хабарлады.

"Біз 5 маусымда жаңбыр жауғандықтан, 901-шақырымнан 923-шақырымға дейін жұмыс істеп үлгердік, ал жол апаты 931-шақырымда болды. Жаңбыр басыла салысымен жұмысымызды жалғастырдық. Біз оны апаттан кейін істедік деу дұрыс емес", - деп түсіндірді ұлттық компания филиалы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети