27 желтоқсан 2014 14:52

Қарағанды облысында Қырғызстан мен Ресей азаматтары жол апатынан зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото pavlodarnews.kz сайтынан алынды Фото pavlodarnews.kz сайтынан алынды

Ресей азаматшасы, Қырғызстанның екі азаматы мен Алматы қаласының тұрғыны Қарағанды облысында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жедел жәрдем қызметіне сілтеме жасап.


Ресей азаматшасы, Қырғызстанның екі азаматы мен Алматы қаласының тұрғыны Қарағанды облысында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жедел жәрдем қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты Қарағанды облысында 26 желтоқсанда Қарағанды-Балқаш тас жолында, Балқаштан бес шақырым жерде болды. Honda автокөлігін басқарған 1986 жылы туылған Қырғызстан азаматы жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, рулінде Алматы қаласының тұрғыны болған Mercedes көлігіне соғылды. "Көліктердің соқтығысынан екі жүргізуші мен екі жолаушы зардап шекті. Honda автокөлігінің жүргізушісі мен оның отандасы Балқаштың орталық ауруханасына жеткізілді. Mercedes автокөлігін басқарған Алматы тұрғыны мен оның жолаушысы Ресей азаматшасы, Мәскеу тұрғыны, зейнеткер әйелге қажетті медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызылған жоқ", - деп хабарлады жедел жәрдем.

Қарағанды облысында көлік апатын жасаған шетелдік азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол ауруханадан шыққан соң тергеу жұмыстары жүргізіледі.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Қарағанды облысында Тәжікстанның 58 азаматы мінген рейстік автобус жол апатына ұшырады. Оқиға кешкі сағат 20.00 шамасында Қарағанды мен Балқаш арасындағы трассада болды. SETRA автобусының жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып Mitsubishi Galant жеңіл автокөлігімен соқтығысты. Mitsubishi Galant көлігінде отырған бес адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Олардың біреуі көлік жүргізушісі, төртеуі жолаушы, олардың екеуі кәмелет жасқа толмаған мектеп оқушылары.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети