14 қараша 2018 17:58

Қарағанды облысының тұрғыны әйелі мен қызын қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында қайғылы оқиға болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел адам алған жарақатынан қайтыс болды, ал оның қызы ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12 қарашада түнгі уақытта ер адам өз әйелі мен қызын қағып кеткен. Қайтыс болған әйелдің жасы 36-да болған. Оның жеті жасар қызы ауруханада ауыр халде жатыр. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел адам оқиға орнында қаза болды, қыз бала әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети