12 шілде 2022 | 17:45

Қарағанды ​​супермаркетінде қантқа қатысты жанжал шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы супермаркеттердің бірінде тұтынушылар арасында жанжал шықты. Оқиғаға полиция араласуға мәжбүр болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыдағы супермаркеттердің бірінде тұтынушылар арасында жанжал шықты. Оқиғаға полиция араласуға мәжбүр болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Майқұдық супермаркеттерінің бірінде түсірілген жанжалдың видеосы тарап жатыр. Кадрларда ондаған тұтынушы төбелесуге шақ қалғаны көрсетілген. Куәгерлердің айтуынша, жанжалға қант тапшылығы себеп болған. Сауда орны әкімшілігі полиция шақыруға мәжбүр болған.

Оқиғаға қатысты Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, жанжал туралы хабарлама Қарағанды ​​ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне сағат 10.00 шамасында түскен.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Әкімшінің айтуынша, қантты сату кезінде кезек пайда болғаны анықталды. Кейбір сатып алушылар бұл өнімді белгіленген нормадан артық алуға әрекеттенген. Жанжалдың алдын алу үшін сатушы полиция шақырған", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Полиция қызметкерлері халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сатып алушылардың ешқайсы айтарлықтай жарақат алмаған. Бұл факт бойынша полицияға өтініш түскен жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда қант тапшылығына байланысты дүрбелең видеоға түсіп қалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 492.2   529.13   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети