Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қарағанды тұрғыны әйелінің мәйітін екі апта бойы үйінде сақтап келген

24 Сәуір 2015, 11:13
0
©Sntat.ru
©Sntat.ru

Қарағандыда жұмыссыз 54 жастағы ер адам полицияға келіп, әйелінің өлтіргенін және оның жансыз денесін үйінде 16 күн бойы сақтап келгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам Қарағандының Киров аудандық ішкі істер басқармасына келіп, әйелімен ұрысып қалғаннан кейін оны пышақтап өлтіргенін мәлімдеді. Пышақ марқұмның желкесіне тиген. "Әйел адам қайтыс болды. Күйеуі оның денесін 16 күн бойы сақтап келді. Ол өзінің ісі үшін қылмыстық жазадан қорыққанын айтты", - деді құқыққорғаушылар.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары бөлмеден әйел адамның шіри бастаған денесін тапты. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас жағдай Алматы облысында болған еді. Алты баласын балалар үйіне өткізген әйелді күйеуі пышақтап өлтірді. Сот өкілдерінің хабарлауынша, ұрыс-керіс пен алауыздықтан өз отбасынан бөлек тұрып келген азамат әйелінің алты баланы балалар үйіне өткізгенін білгеннен кейін оны ұрып-соғып, пышақтаған. Бұдан кейін ол қылмысын жасырмақ ниетте мәйіт пен оның жеке құжаттары мен қылмыс жасаған құралдарын түрлі жаққа апарып көмген. Бірақ өз айыбын мойындап, аудандық ішкі істер басқармасына барған. Қылмыскер қатаң режимдегі түзету колониясына 11 жылға бас бостандығынан айырылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай