12 мамыр 2017 21:19

Қарағандыда ер адам арбаға таңылған мүгедекті бауыздап тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Ер адам мүгедек адамды бауыздап, аяусыз пышақтап тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына сілтеме жасап. 


Ер адам мүгедек адамды бауыздап, аяусыз пышақтап тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына сілтеме жасап. 

Ауыр қылмысты жасады деген күдік мүгедектің 30 жастағы көршісіне келіп отыр. Ол бұған дейін бұзақылық ой-ниетпен денсаулыққа адам өміріне қауіп төндіретін ауыр зиян келтірді деген қылмыспен сотталған. Алайда ер адам мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шыққан.

"Ал осы жолы тағылып отырған айыптарға қарағанда, күдікті бастапқыда мүгедекті емес, оның ағасын өлтіруді ойлаған. Бірақ үйде ағасы болмай қалып, қаскөй мүгедектен ағасының қайда екенін сұрастыра бастаған. Осыдан кейін көңіліндегі ойларын жеткізген. Ағасына жақтыртпаушылық ой-ниеті бар екенін және өлтіргісі келетінін айтқан. Бұған мүгедек келіспей, ағасына тиіспей, орнына өзін өлтіре салуды сұраған. Осы кезде қаскөй беліне жасырып алып келген асхана пышағын шығарып, екі аяғы жоқ адамды бауыздап, кейін пышақтаған. Алған жарақатынан мүмкіндігі шектеулі жан оқиға орнында қаза тапқан. Күдікті пышақты өзімен бірге алып кеткен", - делінген қылмыстық істің материалдарында. 

Тергеу органдарының мәліметінше, сотталушыға қатысты сотқа дейінгі шаралар жүріп жатыр. Іс материалдары Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотына келіп түскен. Бас сот отырысының қашан өтетіні әзірше белгісіз.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети