16 мамыр 2017 20:58

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды: Қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы Абай қаласының маңында үш көлік жол апатына ұшырады. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір адам қаза тапты және тағы екеуі ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысындағы Абай қаласының маңында үш көлік жол апатына ұшырады. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір адам қаза тапты және тағы екеуі ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты бүгін сағат 16.15-те болған. Облыстық ТЖД пультіне хабар 16.20-да түскен. Оқиға орнына бес құтқарушы мен бір дана техника жөнелтілген. 

"Үш көліктің соғылғаны туралы хабарланды. Оқиға орнына №30 өрт сөндіру қызметінің 5 адамы мен 1 дана техника жөнелтілді. Газельде бір адам қысылып қалған. Құтқарушылар оны 16.43-те шығарып алды. Көліктің қаңқасын кесу керек болды. Тағы бір көлік жол жиегіне шығып кеткен. Ол 16.48-де жолға шығарылды. Жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер. 

Ал облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер полицейлердің оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын хабарлады. 

"Бұл дерек 345-баптың 3-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров. 

Өз кезегінде куәгерлер жол апатын Opel көлігі жасағанын айтып берді. Жол апатынан кейін оның жүргізушісі көліктен өзі шыққан, одан ішімдіктің иісі шығып тұрған. 

"Осы жерге келгенімізге үш минут та өтпеді, жол апаты болды. Апатты Opel жүргізушісі жасады. Ол мас болды. Тіпті теңселіп, бір орнында тұра алмады. Видеотіркеу құрылғысына жазылған видеоны көрдім. Ол жол талғамайтын көлікті жанай соғып, ол қарсы бағытқа қарай шығып кетті. Осыдан кейін Газельмен соғысып қалды. Джип аударылып, сазға барып бірақ құлады. Жүргізушісі қаза тапқан көлікті жол жиегінен шығара алмадық. Техникамыз болмады. Ол суда тұншығып өлген сияқты", - деді куәгерлердің бірі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети