12 сәуір 2016 18:38

Қарағандыда оқушыны ұрып-соққан кондуктор әйел жазаланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Қарағандыда оқушыны ұрып-соққан кондуктор әйел жазаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда оқушыны ұрып-соққан кондуктор әйел жазаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сегізінші сынып оқушысы Сергей Анисимов пен № 70 автобустың кондукторының арасындағы дау 8 сәуірде болған. Баланың айтуынша, ол достарымен бірге мектепке кетіп бара жатқан. Оқушы оқу билетін жоғалтып алғанын айтқан, ал кондуктор жол ақысын толық төлеуі тиіс екенін, яғни 80 теңге беруін талап етеді. Сергейдің айтуынша, әйел қажетті соманы алғаннан кейін 40 теңгелік билет берген. Бірақ бала одан ересектерге арналған билет беруін сұрайды. 

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

"Ол қатты айғайлай бастады: "Саған керегі не?" Сосын бізді суретке түсіре бастады, ол бізді дөрекі сөйлейсіңдер деді. Мен қарсы болмадым, телефонымдағы камераны қостым. Бірақ оған ұнамаған болуы керек. Ол мені ұстап алып, ішімнен, денемнен ұра бастады", - деді оқушы.

Сергей Анисимов оқиғаны үйіндегілерге баяндайды, олар видеоны әлеуметтік желіге жүктеген. Видеода кондуктордың ұрысып, қолын сермеп жатқаны көрінеді, тіпті былапыт сөз айтқаны да естіледі. Сонымен қатар, оқушының туыстары видеоны № 3 автопаркке алып барған. 

Автопарк директоры Артур Григорян оқиғамен айналысатынын түсіндірді. Басшылық кондуктор әйелге тиісті жаза қолданылатынын айтты. Одан түсініктеме алынып қойыпты. "Бізге шағым бүгін ғана түсті. Әрине, біз кімнің кінәлі екенін анықтаймыз! Қандай жағдай болса да, кондуктор мұндай әрекетке бармауы керек еді. Мән-жайын анықтағаннан кейін біз кондукторды жазалаймыз! Тіпті жұмыстан шығаруымыз мүмкін!", - деді Григорян.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети