25 қараша 2022 12:12

Қарағандыдағы жантүршігерлік жол апаты: 18 адам зардап шеккен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Қарағанды облысындағы жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дәрігерлер Қарағанды облысындағы жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, 18 адам зардап шеккен.

"18 науқас түсті. Жағдайы ауыр екі адам біздің ауруханаға жеткізілді. Ем-шаралары қолданылып жатыр. Бүгінде олар операция бөлмесінде. Өмірлеріне қауіп төніп тұрғандықтан ота жасалып жатыр", - дейді Мақажанов көпбейінді емхананың травматология орталығының басшысы, МЕАҚ "ҚМУ" хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі Берік Төлеубаев.

Еске салайық, жол апаты 25 қарашада таңертең сағат 9:15 шамасында кепірде болған. Полиция мәліметінше, автобустардың бірінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болған. Зардап шеккен жолаушылар мен екінші автобустың жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети