17 тамыз 2023 11:30

Қаскелеңде өрттен кейін көпбалалы отбасы жертөледе тұрып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: almaty.tv Фото: almaty.tv

Қаскелеңде өрттен зардап шеккен көпбалалы отбасы жертөледе тұруға мәжбүр. Жаздың басында болған төтенше жағдайға байланысты бірнеше отбасы баспанасынан айырылған еді. Жергілікті билік зардап шеккен отбасыларға көмектесуге уәде бергенімен, тұрғындар көшеде қалып, әрең күн көріп жүргендерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.


Қаскелеңде өрттен зардап шеккен көпбалалы отбасы жертөледе тұруға мәжбүр. Жаздың басында болған төтенше жағдайға байланысты бірнеше отбасы баспанасынан айырылған еді. Жергілікті билік зардап шеккен отбасыларға көмектесуге уәде бергенімен, тұрғындар көшеде қалып, әрең күн көріп жүргендерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Хасановтар отбасы басқа баспаналары жоқ болғандықтан, спорт зал орналасқан жертөлені бірнеше аптадан бері баспаналап жүр. Кішкентай бес баласы бар ата-ана ас үйі, жуынатын бөлмесі және басқа да ыңғайлықтары жоқ жерде өмір сүруге мәжбүр.

"Әкімдік бізді 2 айға қонақүйге орналастырды, бірақ уақыты өткеннен кейін қонақүйге ешкім ақша төлемеді. Әкімдіктен бізге әлі ешқандай көмек көрсетілмеді", - деді Қаскелең тұрғыны Дурсун Хасанов.

Зардап шегушінің айтуынша, үй сатып аламыз деген арманды орындау үшін олар өртенген ғимаратта 15 миллион теңгесін сақтаған.

"Осы уақытқа дейін жинаған барлық жинағымызды жалын бір сәтте жойды. Біз барлығынан айрылдық, дымсыз қалдық. Көптеген жыл бойы ұмтылған армансыз қалдық деп айтуға болады", - дейді Қаскелең тұрғыны Галина Алексеева.

Тіпті, тұрғындар өрттен кейін өздеріне тиесілі заттарды тауып қаламыз деген үмітпен күлге келген.

"Біздің барлық жинаған мүлкіміз, тіпті, несиеге алынған заттар да өртеніп кетті. Зат жоқ, бірақ несиесін төлеп отырмыз. Қиындықпен бетпе-бет қалдық. Біз басқа қаладан пәтер сатып алып, отбасымызбен бірге сонда көшкіміз келген. Енді бұл ойымыз орындалмайтын да секілді", - дейді қала тұрғыны Валерия Седакова.

Қолдау іздеп жергілікті әкімдіктің табалдырығын аттаудан шаршадық. Қайда барсақ та, алатын жауабымыз бірдей дейді тұрғындар.

"Бізде пәтер жалдау ақысын төлеу қарастырылмаған. Демеушілік қаражат іздеп, кәсіпкерлерге, қамқор адамдарға жүгінеміз. Бюджетте қандай да бір құқықтық салдарлар қарастырылмаған. Бұл жағдайда сұрақтар әкімдікке емес. Яғни, әкімдік үшін қандай да бір міндеттемелер жоқ. Біз демеушілерге жүгінетін боламыз", - деді Қаскелең әкімі Асқар Мұқашев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети