19 маусым 2016 10:39

"Қазақалтын" шахтасында жаппай төбелес болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы Бестөбе ауылындағы шахтаның территориясында "Қазақалтын" АҚ жұмысшыларымен "Мыс-Орда" күзет агенттігінің қызметкерлерінің арасында төбелес шығып, соңы атысқа ұласқан. Оқиға 16 маусымда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қақтығыс барысында күзетшілер қарудан оқ атқан, жарақат алғандар бар. Оқиға орнында Степногорск прокуроры, ІІБ басшысы, қалалық ІІБ жедел-тергеу тобы болды.

ІІД  баспасөз қызметінің өкілдері осы дерек бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады. "Қақтығыс жұмысшылардың заттарын күзет қызметкерлері тексеру барысында қолданған ережесіне келіспегендіктен шыққан. Оқиға жұмысшылардың тарапынан бұзақылық әрекетке жол берілген. Нәтижесінде екі тарап та дене жарақатын алған. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети