24 ақпан 2014 11:07

Қазақстанда бір тәулікте 600-ден аса адам қар құрсауынан құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖМ  ©Баспасөз қызметі ТЖМ ©Баспасөз қызметі

Қазақстанда бір тәулікте 600-ден аса адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "2014 жылдың 23-ақпанында Алматы облысының Кеген-Жалаулы әкімшілік жолында бес жеңіл автокөлік (15 адам) қар құрсауында қалып қойған. Облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің күшімен (төрт адам) аталған көліктер тазартылған жолға дейін сүйреп шығарылды. Жәбірленгендер жоқ", - делінген талатылған хабарламада. Дәл сол күні Павлодар облысының Ақсу ауданында да жүргізуші және төрт жолаушысы бар жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Қазіргі таңда олар да қардан тазартылған жолға дейін көшірілді. Зардап шеккендер жоқ. Сонымен бірге 23-ақпанда Павлодар облысының 65 шақырымында Ақсу ауданының Парамоновка ауылының маңында Қырғызстан Республикасының Mercedes шағын автобусы дизельді жанармайының қатып қалуына байланысты тоқтап қалған. Оның ішінде жүргізуші мен төрт жолаушы болған. Жүргізуші мен жолаушылар жеке шаруа қожалығының жылы бөлмесіне көшірілді. "Осы күні Жамбыл облысының Алматы-Ташкент әкімшілік жолында қалың қардың салдарынан 53 автокөлік қалып қойды, олар: сегіз жолаушылар автобусы мен 45 автокөлік. Олардың ішінде 520 адам болған, оның 32-сі балалар. Көліктер тазартылған жолға дейін сүйреп шығарылды. Зардап шеккендер жоқ", - дейді ТЖМ баспасөз қызметі. Қарағанды облысында да осы күні қар құрсауынан сегіз адам құтқарылды. Оның ішінде бір сәби бар. Сонымен бірге Қызылорда-Павлодар тас жолында да сегіз адам (оның ішінде бір сәби бар) қар құрсауынан құтқарылды. "Дәл сол күні Қызылорда облысының Қызылорда-Жезқазған тас жолында (117 шақырымы) 11 көлік (40 адам) қар құрсауында қалып қойды. Көліктер қардан аршылған жолға дейін сүйреп шығарылды. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарланған ТЖМ баспасөз қызметінен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети