Атырау тұрғыны дәрігерлерді бес жасар қызының өліміне айыптады. Анасының пікірінше, дәрігерлер баласын құтқару үшін жеткілікті шара қолданбаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" мәліметіне сілтеме жасап.
Әйелдің айтуынша, бір апта бұрын 5 жасар қызы жедел жәрдеммен облыстық балалар ауруханасына түскен. Қабылдау кезінде баланың жүрек соғысы әлсіз болған.
"Тексеру кезінде өзім қызымнан тахикардия белгілерін байқадым. Дәрігерлер бірден қажетті шараларды қабылдамады, алдымен оттегімен әуре болды, содан кейін ғана жүрекке массаж жасай бастады. Адреналинді мен талап еткен кезде ғана салды. Неге мен дәрігерлерге не істеу керектігін үйретуім керек? Ақыры олар екі сағат бойы осы манипуляцияларды жасады. Дефибриллятор қолданылмады. Мен шыдай алмай, палатаға кірдім. Қызымның жасанды тыныс алу аппаратының түтігін тістеп жатқанын көрдім, бұл оның қиналып, өмірі үшін күресіп жатқанын білдіреді. Сол кезде де ешкім дефибриллятор әкелген жоқ. Мүмкін, ауруханада ол мүлдем болмаған шығар", - дейді әйел.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!