Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстандық әйел Қытайдан 15 телефонды заңсыз алып өтпек болды

19 Қазан 2015, 11:49
0
© Sotovik.ru
© Sotovik.ru

Қазақстандық әйел Қытаймен шекарада денесіне жасыру арқылы 15 ұялы телефон алып өтпек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл 18 қазанда, сағат 16.10-да Қорғас шекаралық бақылау отрядының аумағында екі елдің ортасындағы халықаралық сауда аумағынан елімізге қарай келе жатқан, 1982 жылы туған азаматшаның мінез-құлқы мен киген киімі күмәнді болып көрінді. Тексеріс кезінде оның денесіне Қытайда жасалған 15 ұялы телефон жасырып алғаны анықталды", - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.

Тиісті тексерулер жүргізіліп, шешім қабылдау үшін азаматша телефондарымен бірге "Алтынкөл" кеден бекетіне тапсырылды.

Айта кетейік, 2014 жылдың мамырында қазақстандық Қытайдан 900 ұялы телефон алып өтпек болған еді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай