Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанның шығысында қар көшкіні болды

13 Ақпан 2015, 10:17
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

"2015 жылғы 12 ақпан күні Қатонқарағай ауданында, Согорное - Барлық аудандық маңызы бар автожолында өздігінен болған қар көшкіні жүрді: 16-шақырымда 420 текше метр қар құлады, жолды ішінара басып қалды, 11-шақырымда 210 текше метр қар түсті, жолды ішінара жауып қалды", - делінген хабарламада. 

Облыс аумағында барлығы 630 текше метр көшкін құлаған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта көшкін басқан көлік жолдары ашық. 

Айта кетейік, көшкіннің алдын алу үшін "Қазселденқорғау" мекемесі қауіпті учаскелерді бақылап отыр. 12 ақпан күні Өскемен - Таулы Үлбі - Северное автожолында қар көшкіні жасанды жолмен түсірілген. Ол үшін жарылыс жасалды. Таулы өңірлерде барлығы 13 мың текше метр қар құлады. Ішінара қар басқан жолдар кейін қалпына келтірілді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай