Кілем жуу кезінде Үлкен Алматы арнасына батып кеткен әйелдің денесі табылды

28 Шілде 2018, 12:03
0
Кілем жуу кезінде Үлкен Алматы арнасына батып кеткен әйелдің денесі табылды - © ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі
© ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі
Кілем жуу кезінде Үлкен Алматы арнасына батып кеткен әйелдің денесі табылды - © ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі
© ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Үлкен Алматы арнасында кілем жуамын деп суға батып кеткен әйелдің денесі табылды. Бұл туралы Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"27 шілде сағат 17.55-те оқиға болған жерден 30 шақырым қашықтықта, Алматы аумағында әйел адамның денесі табылды, ол 23 шілдеде Еңбекшіқазақ ауданында кілем жуамын деп, Үлкен Алматы арнасына құлап, суға батып кеткен 1986 жылғы әйел", - деді ведомстводағылар.

Әйелдің денесін іздеу жұмыстарына жеті сүңгуір, өрт сөндіру бөлімінің бес маманы, Алматы облыстық ТЖД жедел құтқару отрядының үш қызметкері, полицейлер, әкімдік қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 32 жастағы әйелдің кілем жуу кезінде Үлкен Алматы арнасына батып кеткені хабарланған еді. Оқиға 2018 жылы 23 шілдеде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Алматы - Есік автожолында болған.

Әйелдің жанында жолдасы болған, ол әйелді құтқаруға тырысыпты. Ер адамның айтуынша, ол әйелін құтқару үшін бір шақырымға дейін жүзіп барған

Бұған дейін Астана тұрғыны мен оның екі қызы кілем жуу кезінде Нұра-Есіл каналына батып кеткен болатын.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай