Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Көкшетауда 12-қабаттан секірмек болған жасөспірім құтқарылды 10 мамыр 2023, 09:41

Көкшетауда көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім қызды полицейлер құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

видео кадры видео кадры

Көкшетауда көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім қызды полицейлер құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпарат 9 мамырда сағат 16:10 шамасында ЖБО-ға түскен. Қоңырау шалған адамның айтуынша, танысы Абай көшесі, 135 мекен жайындағы көпқабатты үйдің төбесінен секірмек болып көтерілген.

Оқиға орнына патрульдік полицейлер Бейбіт Садықов пен Әділхан Қойбағар дереу келді. Алғашқылардың бірі болып полицияның тірек пунктінде болған қызметкер Нариман Нұржақсин келді. Жағдайды бірден бағалаған полицейлер ойланбастан жоғарыға қарай жүгірген.

12-қабатқа жеткен тәртіп сақшылары дереу шатырға көтеріліп, қыз балаға төмен түсуге көмектесті. Қазір полиция қызметкерлері 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызды осындай шарасыз қадамға баруға не итермелегенін анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті