14 маусым 2020 13:27

Көкшетауда өрт шығып, 5 жасар қыз қайтыс болды, екі бала жансақтау бөлімінде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда түнде өрт болды, бір бала көз жұмды, екі бала жансақтау бөлімінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Көкшетауда түнде өрт болды, бір бала көз жұмды, екі бала жансақтау бөлімінде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше түнде тоғыз шаршы метр пәтер жанып кетті.

Өртсөндірушілер жанып жатқан пәтерден бір баланы құтқарды, олар келгенге дейін тағы екі баланы көршілері аман алып қалыпты. Балалар шұғыл ауруханаға жеткізілді, дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы ауыр. Қатты түтіннен 35 адам өз бетінше эвакуацияланған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, үш бала 1999 жылғы әпкесімен бірге үйде қалған. Ата-анысы жерлеу рәсіміне кеткен. Қыз дүкенге азық-түлік алуға шыққан уақытта пәтерде өрт шыққан. Себебін анықтап жатырмыз. Өртсөндірушілер шақырудан кейін үш минутта жетті. Өрт 22:52-де ауыздықталып, төрт минуттан кейін сөндірілді. Оқиға орнына ТЖД-нің 20 қызметкері, полиция басқармасының 12 қызметкері мен жедел жәрдем шықты", - деді Көкшетау ТЖБ басшысының а.о. Максим Шатковский.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен үш бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Суреттер: Ақмола облысының ТЖД

"2010 жылғы және 2013 жылы туған баланы 3-4 дәрежелі термиялық күйік шалған, яғни денесінің 80-90 пайызы күйген. Пациенттердің таңертеңгі (14 маусым) жағдайы өте ауыр, өмірлеріне қауіп бар. Өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр, ДТҰ синдромы бар (диссеминирленген тамырішілік ұю - автор), күйіктер өмірге сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өртсөндірушілер 5 жасар қызды пәтерден алып шыққаннан кейін ауруханаға жеткізген. Алайда қыз көз жұмды. Барлық балаға реанимациялық іс-шаралар өткізілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети