29 сәуір 2020 19:04

Қордайдағы қақтығыс: күдіктілердің бірі Алматыдағы изоляторда қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Қордайдағы қақтығысқа қатысты деген күдікті Алматыдағы изоляторда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметті Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады.


Қордайдағы қақтығысқа қатысты деген күдікті Алматыдағы изоляторда қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметті Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады.

"29 сәуірде сағат 08.00-де Алматыдағы тергеу изоляторында тергеу үшін қамалған Қибаев Бекбол Мұхамедович өлі табылды, камераластары оны сол қол білегінің тілінген күйі тапқан. Изолятор медициналық қызметкерлері оған бірінші медициналық көмек көрсетті, алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады", - делінген ведомство хабарламасында.

"Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жетіп, оның өлімін тіркеді, марқұм қан жоғалтқаннан қайтыс болған", - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Бекбол Қибаевтың Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.  

Оның өлім дерегі бойынша Алматының арнайы прокурорлары соталды тергеу бастады. Бас прокуратура өкілдері оқиғаның мән-жайын әділ тергеуге және қоғамға жария етуге уәде берді. 

Еске салайық, мұның алдында Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 24 күдікті ұсталып, Алматыдағы абақтыға қамалғаны хабарланған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети