11 ақпан 2020 09:59

Қордайдағы қақтығыс: Серік Жүнісбеков алған жарақаты туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктен 19 полиция қызметкері жарақат алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктен 19 полиция қызметкері жарақат алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

8 ақпанда қақтығыстың алдын алу және оны оқшаулау шараларын жүргізу үшін оқиға орындарына алғашқылардың бірі болып Жамбыл және Алматы облысы полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері келген.

Тәртіпсіздік кезінде 19 қызметкер түрлі дене жарақатын алған, 9 қызметкер атыс кезінде жарақаттанған. Арнайы жасақ инспекторларының бірінінің беті мен сол аяғына оқ тиген. Тағы бір жасақ инспекторы екі санының жоғарғы жартысынан жарақат алды. Жағдай тұрақталып, полицейлер бақылауға алғаннан кейін, қызметкерлер орталық аудандық аурухананың қызметіне жүгінген.

Қорғаныс құралдары мен оқ өткізбейтін арнайы киімдердің (бронежилет) арқасында қақтығыс кезінде алған жарақаттар санаты адам өміріне аса қауіпті емес екені анықталған. Зардап шеккендердің көбі алғашқы медициналық көмек алғаннан кейін қатарға қосылып, қызметтерін жалғастырған.

Алматы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Жүнісбеков те жарақаттанған. Оған жасалған операция сәтті жасалып, қазіргі уақытта денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Қылмыстық кодекстің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети